
М. Жұмабаев атындағы
№15 мектеп – гимназиясы
Мектеп өзін - өзі дамыта алатын, өз бетімен білім ала – алатын және өз білімін бағалай алатын, өзін - өзі үнемі жетілдіре алатын бүгінгі оқушы, ертеңгі азамат тұлғасын қалыптастыру бағытында жұмыс істеуде.
Мектептің педагогикалық ұжымы - әрбір оқу жылын өздерінің алдын ала қойған негізгі мақсат және міндеттерді, алға қойған күтілетін нәтижелерді нақтылы белгілеуден бастайды. Осыған орай оқушылардың жалпы білім беру деңгейлеріндегі материалды толық игеруіне, интеллектуалдық, шығармашылық негізінде сапалы білім алуына, сабақ тиімділігі мен білім сапасын көтеруге бағытталған өздерінің ізденістік - әдістемелік жұмыстарын жүйелеуге, бағалауға әр мұғалімді ынталандыру, сабақ және сабақтан тыс жұмыстарды оқушы мен мұғалімнің бірлескен танымдық іс - әрекеттерін ұйымдастыруда жаңа бағыттарды пайдалануда.
Мектептің ашылуы
Мектеп – қазақ, орыс тілін оқытатын мемлекеттік білім мекемесі. 1977 жылы ашылған. 1994 жылы Мағжан Жұмабаев есімі берілген.
Қай елдің де өсіп - өркендеуі өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Сонымен қатар тәрбиелеудің жаңа жолдары, әдіс – тәсілдері, үздіксіз үрдістері, жаңа жобалары әлемнің озық елдерінде жасалынып, қолға алынып жатқаны мәлім. Осы орайда Мемлекеттік «Білім» бағдарламасында атап көрсетілген «Сапалы білімге кеңінн қол жеткізуді қамтамасыз ететін білім беру жүйесінің ұлттық үлгісін» құру, әлемдік білім кеңістігіне интеграциялану үшін жағдай жасау – мектептің басты бағыттары.Түркістан қаласы рухани астана. Тұрғындардың тілі мен ойлау дағдысы, психологиясы мен менталитеті тарихи тұрғыдан алғанда ерекше. Сондықтан біздегі оқу мен тәрбие мазмұны білім кеңістігіндегі интеграциялық сабақтастыққа негізделіп отыр.
Мектептің даму перспективасы.
І кезең – 2015 – 2016 ж.ж.
Оқушылардың, ата – аналардың нақты білім деңгейін және мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеруде – мектеп базасының мүмкіндігін ескере отырып, сапалы білім берудегі мектептің ағымдық және перспективалық бағытын айқындау.
ІІ кезең – 2016 – 2018 ж.ж.
Оқытудың отандық және әлемдік жаңа технологияларын оқу үрдісінде жүйелі пайдалану үшін мұғалімдерге теориялық және практикалық мүмкіндіктер туғызу;
Оқушылардың білім деңгейін тоқсан сайынғы және аралық тексеру арқылы оқу материалдарын толық игеруіне қол жеткізу;
Оқушылардың қабілетіне қарай бейімдеп, профильді оқытуды 6 – 9 сыныптар аралығында іске асыру;
9 – сыныпты бітірген оқушылардың өз қабілеттері бойынша арнайы не мамандандырылған сыныптарды оқуын жалғастыруға жол ашу.
ІІІ кезең – 2018 – 2020 ж.ж.
10 – 11 сынып үшін материалдық база жасақтау;
10 – 11 сынып аралығында білім сапасын 80 – 90% жеткізу үшін барлық пәннің базалық және сыныптан тыс мүмкіндігін жасап, нығайту;
Мұғалімдер мен оқушылардың танымдық шығармашылық жұмыстарын жетілдіру, озат тәжірибені тарату үшін ақпараттық, әдістемелік орталық құру.
Мектептің тұжырымдамалық мақсаты.
Білім беруді демократияландырып ізгілендіруде оқытудың жаңа технологияларын енгізе отырып, өзін - өзі дамытатын, өз бетімен білім ала алатын және өз білімін бағалай алатын, өзін - өзі үгемі жетілдіру арқылы өз бағдарын айқындаған оқушы тұлғасын қалыптастыру.
Мектеп түлегі:
-
Өз қабілетіне қарай мемлекеттік стандарт және профиль бойынша сапалы білімді игерген;
-
Еркін әрі терең ойлай білетін, белсенді және білікті;
-
Өзін - өзі тани алатын, өзіне сене отырып, біліміне жауапкершілікпен қарайтын;
-
Оқу үрдісі кезінде алған білімімен өзекті мәселелерді шешуде дұрыс қолдана алатын;
-
Өз мүмкіндігіне сенімді және өз біліміне жоғары баға беретін;
-
Ана тілін, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген;
-
Өз қабілетіне сай мамандандырылған мектептерде білімін жалғастыратын;
-
Толерантты және ұлтаралық проблемаларды сұңғыла шешетін тұлға қалыптастыратынына сенімді.

Бізбен байланыс:
8725-33-4-31-08
Жаңалықтар
Қалалық олимпиада
11 сынып оқушысы Шерметова Шарбану қалалық олимпиадада ІІ орынға ие болды. Пән мұғалімі
Уразтаева Ж
12 желтоқсан 2018
Қалалық олимпиада
10 сынып оқушысы Султанов Шахзод қалалық олимпиадада І орынға ие болды.
12 желтоқсан 2018
Қалалық олимпиада
9 сынып оқушысы Азимов Жасур қалалық олимпиадада ІІ орынға ие болды. Пән мұғалімі
Досметов Шохаким
12 желтоқсан 2018
Біздің мектеп



Опишите фото...

Опишите фото...

Опишите фото...

Опишите фото...
Мектеп өмірі






Опишите фото...



Міндеттер:
-
Әр оқушы қабілетіне қарай, мемлекеттік стандарт талабы мен профильдік бағыттар бойынша сапалы білім беру.
-
Оқушыны жасытпай оқыту, бұйығылықты, өзіне сенімсіздіктен арылу, мектеп ішінде әміршілдік пен өктемдікті қажет етпейтін құрылымды қолдану.
-
Оқушының әртүрлі ғылым мен өнер, мәдениет, технология салаларында өз мүмкіндігін тани білуге, дамыта түсуге ықпал жасайтын қосымша білім жүйесін, сыныптан тыс жұмыстарын өрістету, материалдық базаны нығайту.
-
Отандық және әлемдік тәжірибедегі жаңа оқыту технологиясын меңгеретін, сабаққа енгізуді жүйелеу арқылы мұғалімдердің кәсіби біліктілігін шындау.
-
Күтілетін нәтижелер
