top of page

Білім беру мазмұны.

 І саты 2 деңгейден тұрады: бастауыш (1 – 4 сыныптар):

Негізгі бағыттар мен жұмыстардың ерекшеліктері.

         Мақсаты: баланың оқудағы және оқудан тыс іс - әрекет саласын біріктіріп, білім кеңістігін қалыптастыру, білім алу мен сауықтыру үрдісін біртұтас кешен етіп біріктіру.

         Міндеттері:

  1. Негізгі және қосымша білім алушылардың интеграциясын қамтамасыз ету.

  2. Білім алу жолындағы қиыншылықтарды шешу.

  3. Бастауыш сыныптағы оқушылардың бақылаусыздығы мен қараусыздығын, шектен тыс тәртіпсіздіктің алдын ала қарастырып, іске асыру.

  4. Нақты білім алу жолында өзін - өзі басқаруға, үздіксіз жағдай туғызу.

 

Мұғалімдер мен үйірме жетекшілерінің сабақта және сабақтан тыс уақытта өзара байланысты түрде жұмыс істеуі – оқушының біліктілігі мен дағдысының кең қалыптасуына, терең білім алуына жақсы әсер етеді.

Пәнге деген қызығушылыққа – тәрбиелеу басты міндет болып саналады.

Мектептің жағдайын және оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың іс - әрекетін дамытуға, еңбек пен оқуды және демалыс сәттерін алмастырып отыруға мүмкіндіктер жасау.

Сабақтан тыс жұмысты мынандай нұсқалар арқылы құруға болады.

          Бірінші нұсқа: сабақтан тыс жұмыстарды белгілі бағытта аптаның әр күніне бөлу. Мысалы, өнер үйірмесі бір күн, білім алу үйірмесі – келесі күн, т.с.с

         Екінші нұсқа (тематикалық): аптаның 2 – 3 күнін үйірме жұмыстарының түрлерін қарауға арнау, 1 күн – ақыл – кеңес беру жұмысына, тағы бір күн – саяхатқа, бір күн – жұмыстың жалпы түрінде жіберілсе... үлкен шараларды жақсы етіп әзірлеуге мүмкіндік туады. Жұмыстың бірдей түрлерін бір күнге шоғырладыру сабақтан тыс жұмыстың осал жағы болып есептеледі. Ал бірнеше үйірменің бірдей уақытта жұмыс істеуі оқушының мүмкіндігін шектейді.

         Үшінші нұсқа: аптаның күндері белгіленген сыныптарға бекітіледі. Мұндай тәртіптің плюсы мен минусы болады: кесте құруды жеңілдетеді де, бірақ жасаралық байланыс әлсірейді. Ал, бұл мектептегі сабақтан тыс жұмыстың – ең басты қызметі.

         Танымдық іс - әрекеттің формасы: пән бойынша шығармашылық есеп беру ашық сабақтар күні, шығармашылық және білімділік мейрамдары, білімпаздар турнирі, біріккен олимпиадалар, пәндік газет шығару, отырыстар оқушының қоғамдық ғылыми есебі, т.с.с. ата – аналар безендіруге көмектесіп, сыйлықтар алуға, отбасылық немесе аралас команда құрып, шараларға қатысады. Мысалы: «Жанұя - эрудит», «Әуесқой отбасы», т.с.с. сонымен қатар оқырмандар конференциясына қатыса алады.

         Еңбек іс - әрекетінің формасы: кабинетті безендіріп жабдықтау, мектеп ауласын көгалдандыру, сыныпта кітапхана ашып қолдан жасалған бұйымдарын сату үшін сауда – саттық жәрменкесін жәене көрмелер ұйымдастару.

         Бос уақыт формасы: біріккен мейрамдар, концертке, спектакльге әзірлік, көркем фильмдерді қарап, талқылау, жарыстар, КТК, туристтік саяхаттар, слеттер және экскурсиялық алыс сапалар. Отбасылық клубтардың демалыс күндерінде ата – аналар мен балалар тобының біріккен іс - әрекеті ұйымдастырылды. Айта кетсек, отбасылық мейрамдар мен фестивалдар кең көлемде таралған. Олар аналар күні, әкелер күні, әжелер мен аталар күні, менің баламның күні, ойын түріндегі отбасылық конкурс, музыкалық отбасы, отбасылық альбом жарысы т.б.

         Тәрбие жұмысының жемісі бала, педагог, ата – ананың бірігіп жұмыс істеуінде жатыр.

         ІІ сатының 2 деңгейі (5 – 6 сыныптар). Бұл кезеңде баланың шығармашылық қабілетінің, танымдық күш – қуатының дамуына әсер ететін әрекеттері, түрлері маңызды орын алады. Мұнда білім стандартының жоғары деңгейі, қосымша эстетикалық білім беру арқылы оқушының оқуға деген қызығушылығын арттыруға жағдай туғыза алады, осыған бағытталған дамыта оқыта жүйесі қарастырылады. 1 – 6 сынып оқушыларының білімге деген ынта – ықыластары, қызығушылығы болса, оқушылардың білімдегі күш – мүмкіндігі соғұрылым ашылады деп есептейміз.

         Осы мақсатқа орай аталған сатыда мынадай студиялар жұмыс істей алады:

  • Хореография: халықтық билер, осы заманғы, бал билері

  • Бейнелеу және декоративтік қолданбалы өнерәсемдік көркемөнер, дін және әдебиет тарихы мен теориясы

  • орыс және шет тілдеріспорт секциялары мен клубтары:

  • шахмат, шығыстың күрес өнері (каратэ, таэквандо), дзю – до, самбо, футбол, баскетбол, тоғызқұмалақ.

 

      ІІІ саты 7 – 9 сыныптарға арналған бейімдеп оқыту, бұл сатыда арнайы пәндерді қамтып, білімін одан әрі жалғастыруға мүмкіндік беретін пәндерді тереңдетіп оқыту қарастырылады.

         ІV саты (10 – 11 сыныптар). Мектеп бұл кезеңде блоктар бойынша арнаулы сыныптарды ұсынады: «Жаратылыстану - математика». Бұл сыныптарда оқыту – оқушыны болашақ мамандығына сай даярлау болып табылады.

 

Бағдарлама туралы пікір

Бағдарлама  мақсаты

Орта білім беру жүйесін модернизациялаудың  негізгі бағыттарын педагогикалық ұжымның қызметіне  тиімді ендіру үшін қолайлы  жағдай жасау.

  • Бағдарламаның негізгі міндеттері:

  • Білім беруді ұйымдастыруды,  құрылымын, мазмұнын жетлдіру;

  • Білім беруді сапалы басқарудың тиімді жүйесін құру;

  • 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу;

  • Білім беру жүйесінің жаңа мазмұнын жасақтау, ендіру;

  • Біріңғай  ақпараттық кеңістік құру;

  • Әлеуметпен жұмысты ұйымдастыру;

  • Оқушылардың өзін-өзі басқаруын ұйымдастыру;

  • Оқу үрдісін жеделдетуді ендіру;

  • Педагог мамандығының беделін  көтеру;

  • Инклюзивтік білім беруге көшу.

  • Бейіндік білім беру моделін  жасақтау.

  • Оқушының физикалық, адамгершілік және психикалық денсаулығын нығайту, және салауатты өмір салтын қалыптастыруға жағымды әсер ететін жағдай құру.

  • Білім беру мекемесінде инновациялық қызметті дамыту үшін жағдай жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

Байланыс:

8725-33-4-31-08

Жаңа үлгідегі сабақтар

bottom of page